Астана қаласы әкімдігінің "№ 18 "Аяжан" балабақшасы" МКҚК
Кіру
AA+
Астана қаласы әкімдігінің "№ 18 "Аяжан" балабақшасы" МКҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Кітап – білімнің түпсіз аспаны,

терең бастауы» атты қалалық семинар

№ 18 «Аяжан» МҚКҚ балабақшасында 2020 жылдың

5 қарашасында «Кітап - білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы» атты семинар өтті. Семинарға келген ата-аналар мен қонақтар сақтық шараларын сақтады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қандай кітап оқисыз?» атты челленджін және балабақшамыздың «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебі» жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды ашқан балабақша меңгерушісі Мухаметжанова Асель Мубараковна кітап жайлы ой қозғап, қазіргі кездегі кітап оқу үрдісінің артта қалып бара жатқанын айтып кетті. Сөз кезегін жалғастырған балабақша әдіскері Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы «Кітаптар мұңы» атты бейне көрсетілім арқылы кітаптар туралы сыр шертіп, семинарға арқау болған тақырыпты ашып көрсетті.

Семинардың қонағы боп келген «Қара шаңырақ» Қоғамдық бірлестігінің директоры, тарихшы-этнолог Шәкен Тұрар Саттарқызы «Егеменді елдің ертеңгі ұрпағы» атты тақырыпта қазіргі ұрпақтың кітап оқу мәселесіне көп алаңдайтынын айтып өтті. Ата-аналармен тілдесе отырып, қазіргі балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өзінің әже болып киініп балабақшаларға барып ертегі оқитынын айта кетті. «Айтшы, Әжетай» журналының бас редакторы Нұрқанова Сандуғаш Болатханқызы осы семинардың бүгінгі күндегі кітап оқу мәселесінің бір мәселесін шешкендей қуанып отырғанын айта келіп, ата-аналарға жұмбақ жасырып, семинарды қыздыра түсті.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы да семинар тақырыбының өте жақсы таңдалғанын айтып, ортаға өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, семинарға келген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна «Сіздің соңғы оқыған кітабыңыз есіңізде ме?» деген сұраққа жауап беру арқылы, бүгінгі ұрпақтың кітап оқу мәселесі жайлы өз ойын жеткізді. Айгуль Кайратовна ең алдымен балаға кітап оқуды үйретпес бұрын ата-аналардың сол кітапты өздерінің оқып, үйренулерін талап етуді алдыңғы жолға қою керек екенін айтып, қоғамдағы мәселелерді баршамыз бірігіп шешу керек екенін айтты. Игі істердің басы қасында жүрген Айгуль Кайратовна осы жолы да өз жомарттығын танытып, семинарға қатысып отырған «Айтшы, Әжетай» журналына өз тарапынан, өз қаражатынан көп балалы отбасылы 10 ата-анаға бір жылға жазылуға үндеу жасады. Барлық семинарға қатысушыларды осы игі ісімен тәнті етті. Бұл игі істі балабақша меңгерушісі Асель Мубараковна жалғастырып, өз қаражатынан 5 отбасыға журналға жазылуға көмек берді. Осылайша, семинардың нәтижесінде басшылар тарапынан көрсетілген жақсы істерге куәгер болған ата-аналар бір марқайып қалды.

«Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» мүшелері өз ойларын ортаға салатын кезек алып, «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобындағы Нұрмағамбетова Жанар Әшімханқызы сөз алып, кітап туралы өз пікірін айтты. Жанардың пікірінше кітапты оқу және оны қолға алу алдымен ата-анаға байланысты екенін, заманауи әлеуметтік желіге басы байлы боп кіріп кеткен ата-аналарға үндеу жасады. Семинар соңында «Самұрық» тобының ата-анасы Сембеков Қанат өзінің әсем әнімен келген қонақтарды баурап, «Ханшайым» әнін сыйға тартты.